«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Кәсіпорын қызметінің мәні қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және халық шығармашылығын дамытуды жүзеге асыру болып табылады.

    Кәсіпорын қызметінің мақсаты мәдениет саласында халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыружәне қызмет көрсету болып табылады.

    Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады.

    - халықтың әртүрлі топтарының мәдени сұраныстарын зерттеу негізінде жұмыс жүргізу;

    - мәдени-шығармашылық қызмет туралы республикалық және аймақтық бағдарламаларды, халық шығармашылығын дамыту жөнінде әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулықтарды, мәдени шығармашылық және продюсерлік қызметті ұйымдастыру жөнінде тәжірибелерді, мәдени-көпшілік жұмыстарының жаңа түрлері мен әдістерін тарату;

    - Қазақстан халықтарының халық шығармашылығының дәстүрлі жанрларын насихаттау, рухани мұраларды жаңғырту;

    - халық шығармашылығы мен мәдени-продюсерлік қызмет барысында ұлтаралық және интернационалдық байланысты жүзеге асыру;

    - әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстар негізінде халық шығармашылығының фольклорлы-этнографиялық дәстүрінің қазіргі уақытқа сай түрлері мен жанрларын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру;

    - халық шығармашылығын дамытудың көкейтесті мәселелерін, халықтың дәстүрлерін, тұрмысын, ұлттық киімдерін, музыкалық аспаптарын, мәдениеті мен тарихын зерттеу жөнінде мәдени, ғылыми ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқару;

    - фестивальдер, конкурстар, шығармашылық семинарлар, қолөнер шеберлерінің, суретшілердің, кино-фото әуесқойларының көрмелерін өткізу;

    - мәдениет қызметкерлерінің, көркемдік жетекшілердің, халықтық ұжымдар жетекшілерінің, термешілердің, жыршылардың, жеке орындаушылардың біліктілігін арттыру курстарын, тәжірибеден өтуін, оның ішінде ақылы ұйымдастыру;

    - облыс көлеміндегі талантты балалар мен дарынды жастарды өнердің түрлі жанрлары бойынша баулып, мәдени шаралар мен әр деңгейдегі байқауларға қатысуын қамтамасыз ету және олардың облыс, республика көлемінде ақылы негізде концерттік сапарларын ұйымдастыру;

    - орталықтың дыбыс жазу студиясында кәсіби деңгейде ақылы және ақысыз негізде әндер өңдеу;

    - көркемөнерпаз ұжымдар, өнер адамдары туралы буклеттер, жинақтар, плакаттар және орталық фонотекасында жинақталған орындаушылардың дауыстары жазылған электронды тасымалдау құралдарын шығару;

    - ақылы және ақысыз концерттер, мерекелік шаралар, би кештерін, ертеңгіліктер, шоу бағдарламалар, конкурстар ұйымдастыру;

    - жарық және дыбыс беру құралдарымен, сахналық костюмдермен, фотобейне түсірулерімен, жарнамалық роликтермен, көркем безендірулермен (шарлар, ленталар, драпировка, фейерверк, пиротехника, түтін машинасы) мейрам сценарийлерімен, әндерді өңдеу қызметтерімен қамтамасыз ету;

    - кинобейне репертуар саясатын қалыптастыруды, әсіресе ұлттық киноматографияны насихаттау;

    - кино бейне фильмдерді насихаттау үшін жарнамалық шаралар өткізеді;

    Басшы: Құрамысова Жанат Ашанқызы

    Эл.почта:[email protected]

    Телефон: 8(7242)27-76-33

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.