«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Кәсіпорын қызметінің мәні Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке таныту болып табылады.

    Кәсіпорын қызметінің мақсаты музей жәдігерлері мен коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

    Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады.

    - материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерді сақтау, зерттеу, қорғау, жүйелеу жөніндегі жұмыстарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;

    - өлке халқының тарихы мен мәдениеті жайлы ғылыми негізделген материалдарды музейлік әдістер арқылы (экскурсия, тұрақты, көшпелі көрмелер мен экспозициялар, баяндамалар мен лекциялар, ғылыми-танымдық конференциялар) насихаттауды жүргізу;

    - фото және бейне түсірімдер жасауға және музейлер басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды, басқа да әдебиетті өткізуге;

    - облыстағы сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің дамуына, қолөнер шеберлерінің, суретшілердің, жеке коллекционерлердің еңбектерін халыққа насихаттау мақсатындажұмыстар атқару ;

    - музейтану – музейлерді ұйымдастыру мәселелері мен қызметін қарастыратын ғылым саласы. Музей істерінің теориясы мен практикасын, музей архитектурасы негіздерін, оларды жабдықтау мәселелерін зерттейді;

    - музей жұмысына байланысты жолнұсқау, ғылыми еңбектер мен басқа да материалдарды баспадан шығаруға дайындайды;

    - қоғамдық негізде құрылған алғашқы музейлерге практикалық-әдістемелік көмек көрсетіп отырады;

    - музей қорын жинақтау және жеке адамдардан сатып алу, сондай-ақ, басқа музейлермен алмастыру арқылы толықтырылып отырады.

    Басшы: Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы

    Эл.почта:[email protected]

    Телефон: 8(7242)27-61-52

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.