Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК бұйрығына сәйкес ветеринария саласында кәсіпорын екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Ветеринариялық анықтама беру;
Ветеринариялық паспорт беру.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастыратын мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
10) Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.