"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Анаға тағзым" орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты - отбасындағы әйел-аналардың, қыз-келіншектердің тұлғалық болмысын қалыптастыру, жас ұрпаққа ұлттық, рухани-мәдени адамгершілік тәрбие беру және заманауи сұранысқа ие креативті идеяларды қолдап, жүзеге асуына ықпал ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады.
- қазақ халқының тарихи тағылымды істерін жаңа заманның талабымен сабақтастырып, бүгінгі заманауи қазақ әйелінің озық бейнесін қалыптастырады;
- ұлттық және тарихи құндылықтардың ішкі берік ұстанымын қалыптастырады және нығайтады;
- жеке және заңды тұлғалардың жан-жақты дамуын және шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастырады, эстетикалық тәрбие береді;
- ұлттық, отбасылық құндылықтарды насихаттайды;
- ұлттық құндылықтарды дәріптей отыра, өркениеті дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі озық жетістіктерімен үйлестіреді;
- шығармашылықты дамыту, эстетикалық тәрбие мен тәжірибе алмасады;
- креативті идеялары бар кәсіпкерлерге психологиялық және моральдық тұрғыда қолдау көрсетеді;
- отбасылық құндылықтарды нығайту және насихаттау, сонымен бірге қыздардың өзін-өзі бағалау, қадір-қасиет, мақтаныш сезімдері мен жоғары құндылықтарының басымдылығын нығайтуға бағыттайды;
- ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды қайта жаңғырту, аймақтың өз табиғатына тән өнімдерінен бренд тағам даярлайды;
- креативті өнімдерді жарнамалайды, ақпараттандырады;
- облыс көлемінде отбасылық-демографиялық саясатқа, креативті идеяларды жүзеге асыруға қатысты маңызды мәселелерді талқылау мақсатында түрлі тақырыптық жиындар өткізеді;
- өңіріміздегі қайраткер, көп балалы аналар мен әр салада қызмет жасайтын қыз-келіншектерді насихаттау, халыққа таныту бағытында іс-шаралар ұйымдастырады;
- өңір кәсіпкерлерінің креативті өнімдерінен көрме (облыстық, республикалық, халықаралық) ұйымдастырады;
- рухани-танымдық, мәдени-көпшілік іс-шараларды, байқау- фестивальдарды, семинар-тренингтерді өткізеді;
- орталықтағы шығармашылық үйірмелердің және өңірдегі креатив орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
- отбасы-демографиялық саясатты, креативті идеяларды жүзеге асыратын азаматтық қоғамдық институттар және ведомствоаралық мекемелермен қарым-қатынас орнатады;
- креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
- шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру арқылы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- өңірдегі креативті орталықтардың жұмысын үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
- креативтік бағыттағы кәсіпкерлердің өңірлік базасын жасақтайды және бекітеді.
Руководитель: Молжанова Алтынай Бекмағанбетқызы
Эл.почта:[email protected]
Телефон: 8(7242)70-49-97