«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарихи-мәдени ескерткіштерінде ғылыми реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады.
- тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
- тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
- тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
- тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;
- тиісті саланың уәкілетті органмен келісе отырып, қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;
- тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
- қорғау мiндеттемелерiн ресімдеу жұмыстарын үйлестіреді;
- тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіреді;
- монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
- мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
- жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;
- тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу жұмыстарын жүргізеді;
- тиісті саланың уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айыру және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау жұмыстарын жүргізеді;
- тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдейді;
- жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдалануын және оларды күтіп ұстау, ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
- тарихи-мәдени сараптама жасау жұмыстарын үйлестіреді;
- жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындауды жүзеге асырады;
- тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және оны өзгерту жұмыстарын үйлестіреді;
- аумақтарды игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.
Басшы: Алданазаров Ерқазы Жарылқасынұлы
Эл.почта:[email protected]
Телефон: 8(7242) 26-41-93