Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

    Жалпы ақпарат

    Әдеп жөніндегі уәкіл туралы

    Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

    2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

    3) мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы не мемлекеттік орган басшысы берген өкілеттіктер шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

    4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

    5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

    6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

    7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;

    8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

    9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

    10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

    11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

    2) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппаратында қызметтік әдеп нормаларын сақтау функциялары Әдеп жөніндегі уәкіл Тұяқбаева Назгүл Сабырқызына ( Талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің талдаушысы) жүктелген.

    Байланыс деректері: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 13. Тел: 8 (7172) 57-62-27.

    Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі ұжым арасында Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша сауалнама жүргізді. Сонымен қатар, жалпыға бірдей құқықтық оқыту, семинарлар өткізіледі, онда мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормалары түсіндіріледі. Сондай-ақ, ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 4-тармағына сәйкес кадр қызметі үш күн мерзімде мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін жазбаша нысанда Әдеп кодексінің мәтінімен танысады. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өз Отаны – Қазақстан Республикасына бейтарап және адал қызмет етеді деп сенеді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик «Коррупция разрушает не только твою страну, но и жизнь твоих близких»

    Әлеуметтік бейне. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. « Будущее детей в ваших руках »

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.