Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Обаған ауылдық округі әкімінің аппараты
«Алтынсарин ауданы Обаған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып табылады
"Алтынсарин ауданы Обаған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады
"Алтынсарин ауданы Обаған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын орындау, елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаруды жүзеге асыру;
3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.