Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты
Ауылдық округ туралы
Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі-әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.