Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті
Комитеттің міндеттері:
1) инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру;
2) инвесторлардың құқықтарын қорғау, бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу;
3) инвесторлардың құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
4) инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылық ету және салааралық үйлестіру;
5) инвесторлар қатысатын дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыру;
6) Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және осы Ережеде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Комитеттің функциялары мен құзыреті Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығымен бекітілген Ережеде белгіленген.
Жаңалықтар
Ақмола облысының прокуратурасы инвесторға картоп өсіруге арналған жер учаскелерінен ауыртпалықтарды алып тастауға көмектесті
11 инвестор және 10 млн теңгеден астам: «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да прокуратура заңбұзушылықтарды анықтады
Комитет инвестордың құқығын қорғап, 40 млн доллардың жобалары жалғасты
Павлодар облысында толтырғыштар өндіру жөніндегі инвестициялық жоба қалпына келтірілді
Қосшы қаласының прокуратурасы инвесторға бизнес нысанын электр желілеріне қосуға көмектесті
Ашу