Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

    Жалпы ақпарат

    «Махамбет аудандықмәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортбөлімі» мемлекеттік мекемесі

    1. Функциялары:

    1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;

    2) аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалар жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты және туризмді дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

    3) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс, спорттық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

    4) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    5) ауданның спорттық, сауықтық мәдени - бұқаралық іс - шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

    6) спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді;

    7) Халықаралық, республикалық, облыстық ауданаралық және аудандық шараларды, спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізеді, олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастырады;

    8) Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттарға аудан құрама командасын дайындауды, қатынастыруды қамтамасыз етеді;

    9) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

    10) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын тағайындайды;

    11) өз құзыреті шегінде мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

    12) ауданның мәдени - спорттық мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы бола алады;

    13) мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

    14) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

    15) кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді, спорттық жарыстар мен жиындар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды;

    16) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

    17) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    19) ауданда туризм саласының дамуы бойынша жұмыстарды жүргізу;

    20) аудан аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі ұсыныстар енгізу;

    21) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүрзізу;

    22) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

    23) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.