Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығы
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің сайт қажетті ақпаратты жедел алу, консулдық қызметтерді пайдалану және маңызды сұрақтарға жауап табу үшін жасалған.
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 ақпандағы № 794 Жарлығымен құрылып, 2026 жылғы 16 қаңтарда ресми түрде ашылды.
Консулдық округке Гуандун, Хунань, Хайнань және Юньнань провинциялары, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы кіреді.
Бас консулдық Қытайдың оңтүстігінде жүрген Қазақстан азаматтары мен бизнес өкілдері үшін, сондай-ақ Қазақстанға сапар жоспарлап отырған шетел азаматтары үшін жұмыс істейді және келесі міндеттерді орындайды:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- консулдық қызметтер көрсету;
- шетел азаматтарына визалар рәсімдеу және визалық өтініштерді қарау;
- Қазақстан мен Қытай өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
- мәдени, білім беру және гуманитарлық байланыстарды қолдау;
- Қазақстан мен Қытай өңірлері арасында іскерлік және әріптестік байланыстар орнатуға жәрдемдесу.
Бас консулдық азаматтардың өтініштеріне әрқашан ашық және қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын.
