Гамбургтегі Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы
Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіз!
Қазақстан Республикасының Гамбургтегі Бас консулдығы 2025 жылдан бастап жұмыс істейді. Консулдық округке Гамбург, Төменгі Саксония, Бремен және Шлезвиг-Гольштейн федералды штаттары кіреді.
Бас консулдық қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ консулдық округке кіретін Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Федералды жерлері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Ресми сайттың беттерінде консулдық мәселелер бойынша өзекті анықтамалық ақпаратпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өмірі туралы жаңалықтармен танысуды ұсынамыз.
Еліміздің инвестициялық және туристік әлеуетін таныстыруға арналған бөлімдер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ресми сайттарына көптеген сілтемелер ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін.