Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулдығы

    Бас консулдық туралы

    Құрметті Қазақстанның достары мен қонақтары!

    Құрметті Черногриядағы Қазақстанның азаматтары!

    Қазақстан Республикасының Подгорица қаласындағы (Черногория) Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер.

    Біздің веб-сайтымызда Қазақстан азаматтарына қолдау және консулдық қызметтер көрсету туралы, сондай-ақ Қазақстан және оның экономикалық мүмкіндіктерімен танысу үшін, елімізге туристер ретінде келуге немесе іскерлік байланыс орнату үшін қажетті ақпаратты таба аласыздар.

    Бас консулдық Қазақстан мен Черногория арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

    Бас консулдықтың негізгі басымдықтарының бірі – Черногориядағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

    Елдер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі оқиғаларын Жаңалықтар бөлімінен, сондай-ақ Facebook және Instagram -дағы парақшаларынан табуға болады.

    Біз сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы да, сондай-ақ дәстүрлі байланыс арналары – электрондық пошта мен телефон арқылы да қуана қабылдаймыз.

    Қазақстан азаматтарына арналған Бас консулдықпен жедел байланыс нөмірі « Байланыс » бөлімінде көрсетілген.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.