Қазақстан Республикасының Сингапурдағы, Аустралия Одағы мен Жаңа Зеландиядағы Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 30 наурызда орнатылды. 2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2008 ж. 11 желтоқсанда ол ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

    2022 жылғы 21 қазанда Құттықадам Асқар Сейдахметұлы Қазақстанның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

    2023 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Австралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

    2014 жылғы 28 мамырдан резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудин болып табылады.

    Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Сингапурдағы мүдделеріне өкілдік етеді.

    Елшіліктің негізгі міндеттері:

    - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;

    - Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының Сингапурдағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;

    - Қазақстанның Сингапурмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Сингапурмен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

    - Қазақстанның Сингапурмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;

    - консулдық қызмет;

    - өзге де міндеттер.

    ҚР Сингапурдағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Аустралия және Жаңа Зеландия өкілдігі болып табылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.