Алматы қаласы Білім басқармасы Наурызбай аудандық білім бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Білім бөліміндегі жалпы жетекшілік Алматы қаласы Білім басқармасы басшылығымен жүзеге асады. Білім бөліміндегі қызметкерлер Алматы қаласы Білім басқармасының штаттық есебіне кіреді. Білім бөлімінің жұмысына тікелей Білім бөлімінің басшысы жетекшілік етеді:

    • Білім бөлімінің қызметін басқарады;
    • Білім бөліміндегі қызметкерлер арасындағы лауазымдық міндеттерін бөледі;
    • Берілген ақпараттардың нақтылығына, білім бөлімі қызметіне міндеттелген жұмыстарды орындау үшін жауапкершілік алады;
    • Білім бөлімі мен аудандық білім беру мекемелері жұмыстарын аудандық АҚ және ТЖ , АІІБ ЖӨІБ, ТҚҚБ және басқа да қызмет бөлімшелерімен өз жұмысын үйлестіреді.

    Құрамына аудандық білім беру мекемелерінің жетекшілері кіретін ұжымдық ұйым басқармасы Білім бөлімінің аудандық Кеңесі болып табылады. Аудандық білім бөлімінің аудандық Кеңесінің негізгі қызметі оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім алу және тәрбиелену жағдайлары мен білім беруде мемлекеттік стандарттардың орындалуын қарастыру мәселелері болып табылады.

    Білім бөлімі балалардың мүддесін қолдау және құқығын қорғаудағы өз қызметін қамқоршылық және қорғаншылық бөлімі арқылы жүзеге асырады:

    • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, олардың өміріндегі жағдайларды тексереді, балалардың жағдайларын жасау жолдарын анықтайды, келешекте олардың білім алуы мен тәрбиесі және өмір сүру жағдайларына бақылауды жүзеге асырады;
    • Ата-аналарынан айрылған немесе ата-аналарының құқығы шектелген және басқа істерге байланысты берілген мінездемелер бойынша істерін қарау кезінде сот отырыстарына қатысады;
    • Балаларды асырап алу мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысады және құжаттар әзірлейді;
    • Пәтер сату және аманат (кепіл) мәселесі бойынша құжаттарды ресімдеу және азаматтарды қабылдау, зейнетақы қорларында жиналған төлемге рұксат шығаруды жүзеге асырады;
    • Қарасты мәселелер бойынша аудан әкімі өкімінің жобаларын әзірлейді;
    • Прокуратура және білім беру мекемелерімен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссияларымен өзара байланысты жүзеге асырады.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.