Коммерциялық емес акционерлік қоғам Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы
Мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырды:
- су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы жалпы су пайдалануды және су шаруашылығы нысандарын пайдалану режимін қамтитын республикалық нормативтік-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және ғылыми негіздеу;
- су ресурстарын пайдалану жөніндегі ақпараттық жүйелер деректер базасын жинау, өңдеу, мұрағаттау және сақтау;
- мемлекеттік органдар мен жұртшылықты су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат алмасуды өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейде жүзеге асыру;
- су қорын пайдалану және қорғау, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық және өндірістік сумен жабдықтауда су пайдаланудың үлестік нормалары мен нормативтерін әзірлеу;
- ведомстволық сараптама жүргізу, оның ішінде су шаруашылығы мақсатындағы жобалық-сметалық құжаттаманың осы мекеме әзірлеген нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру;
Ұйым су ресурстарын басқарудың тиімді әдістерін әзірлеуде маңызды рөл атқарды және саланы нормативтік-әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етті.
РММ «Қазагромелиоводхоз» су шаруашылығы саласында 100-ден астам әдістемелік нұсқаулық әзірледі. Бұл құжаттар «Қазсушар» РМК және басқа да су саласындағы ұйымдармен қолданылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі елдің су теңгерімін тиімді басқару мақсатында су ресурстарын автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеуді бастады.
Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен РММ «Қазагромелиоводхоз» жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталық» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) болып қайта құрылды.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- ақпараттық-талдамалық жұмыстарды жүргізу;
- су қорын пайдалану және қорғау саласында ақпаратпен қамтамасыз ету;
- ирригациялық жүйелерді жетілдіру, су қорын тиімді пайдалану және қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Орталық су ресурстары бойынша ұлттық жүйе — су ресурстары саласындағы бірыңғай кеңістіктік деректер экожүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде, оған Мемлекеттік су кадастры, Мемлекеттік су қоры және басқа да компоненттер кіреді.