Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес құрылды.2011 жылдың 21 шілдесінде «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және сонымен бірге Тексеру комиссияларының қызметін реттеуші «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.Тексеру комиссиясының негізгі функциялары: Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің орындалуына және мемлекет активтерінің пайдаланылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;Жергілікті бюджеттің орындалу, бюджет қаражатының және мемлекет активтерін пайдалану саласында Бюджеттік заңнаманың, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау;Жергілікті бюджеттің орындалуы және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, Нұр-Сұлтан қаласының даму Бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау болып табылады.