"Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Бөлім туралы
«Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы коммуналдық шаруашылықпен, жолаушылар көлігімен және автомобиль жолдарымен байланысты мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Міндеттемелер:
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылылығына мониторинг жүйесін ұйымдастыру;
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- Автомобиль жолдарын күтіп ұстауды және жөндеуді және көлік және жол инфрақұрылымын дамытуды ұйымдастыру;
- Жол шаруашылығында қауіпсіздік деңгейін арттыру;
- Меншік нысанына қарамастан ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен, отынмен тұрақты қамтамасыз етуде барлық қатысушыларды (жеткізушілер мен тұтынушыларды) жедел үйлестіру;
- Казақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.