Әкімшілік бақылау бөлімі
Басқарма басшысына қызметкерлерге марапаттау немесе тәртіптік шара көру туралы ұсыныс енгізеді.
Басқарманың персоналды басқару (кадр) жұмыстарын жүргізеді.
Басқарма басшысының бұйрықтарын рәсімдейді.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізеді.
Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдауы туралы келісімін жазбаша нысанда белгілейді.
Мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіп, құжаттарын әзірлеп, тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.
Төтенше жағдайлар кезінде, терроризмге қарсы жұмыс және жұмылдыру дайындығы барысында облыстық сауда қызметтерінің, атап айтқанда: «Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету», «Ыстық тамақпен қамтамасыз ету», «Сауда» қызметтерінің жұмыстарын басшылық жасайды.