Талдау дәне жинақтау- жұмысы бөлімі
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын өнеркәсіпті дамытудың негізгі индикаторларының орындалуын болжау және талдау бөлігінде іске асыру.
2) Павлодар облысының қалалары мен аудандары бөлігінде өнеркәсіптің негізгі индикаторлары бойынша Павлодар облысын дамыту жоспарын әзірлеу және талдау жүргізу.
3) төмендеу/өсу себептеріне талдау жүргізе отырып, нақты және болжамды өндірістік көрсеткіштер бойынша ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен жұмыс.
4) көрсеткіштердің өсу және төмендеу себептерін анықтай отырып, өнеркәсіп салаларының дамуын ай сайын талдау және әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша жиынтық ақпарат дайындау.
5) кәсіпорындар берген деректер мен ағымдағы жағдайдың талдауын ескере отырып, өнеркәсіп кәсіпорындарымен бес жылдық кезеңге даму бойынша жұмыс, өнеркәсіп салалары бойынша облыс қалалары мен аудандары бөлігінде облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамын әзірлеу.
6) Жыл сайынғы Жолдаулардың жол картасы, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген кеңестер, облыс әкімінің тапсырмаларын дайындауды жүзеге асыру.