Бюджетті жоспарлау және қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Маңғыстау облысы білім басқармасының

    Бюджетті жоспарлау және стратегиялық дамыту бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1.1. Білім саласындағы бюджетті жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы (одан әрі – бөлім басшысы) Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және босатылады (одан әрі – Басқарма).

    1.2. Бөлім басшысының негізгі тапсырмалары уақытылы және сапалы жұмысты қамтамасыз ету, соның ішінде іс-жүргізу жұмыстарын,сонымен қатар жоғары және басқа да мемлекеттік органдардың, басшының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыруды бақылауға алу. Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету.

    1.3. Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, бас маман атқарады.

    2. МІНДЕТТЕРІ

    2.1. Тікелей басқарма басшысының бағынады. Бөлімнің алдағы және ағымдағы кезеңдерге арналған жұмысты жоспарлайды; Бөлімге келіп түскен арыз, шағымдарға заң шеңберінде мезгілінде жауап беру; Бөлімнің Ережесін орындалуына жауапты; Бөлімге тапсырылған міндеттердің орындалуына жауапты;

    2.2. Құзырлық ететін саласы бойынша Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілерінің жобасын дайындайды;

    2.3. Үш жылдық бюджетті жоспарлайды, құжаттарды әзірлейді;

    2.4. Білім саласындағы еңбек ақы жүйесін қадағалайды, бақылайды. Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын іске асырылуын қадағалайды;

    2.5. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қаражатын жоспарлайды және әкімшілік міндеттерін жүзеге асырады.

    2.6. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ұсынысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік тапсырыстарының көлемін, сондай ақ ата- аналар жарнасының көлемін қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып тиісті жоғарғы органдарға бекітуге енгізеді.

    2.7. Жалпы білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырыстардың көлемін айқындап, бекітуге ұсынады.

    2.8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды дайындау үшін мемлекеттік тапсырыстардың көлемін бекітуге ұсынады.

    2.9. Арнайы, арнаулы және техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалармен қызмет атқаратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық құралдарымен қамтамасыз етеді.

    2.10. Білім саласындағы стратегиялық бағдарламалардың мақсатымен міндеттерін орындау және іске асыру барысында туындайтын қаржылық мәселесіне қатысты құжаттарға бақылау жасайды.

    2.11. Республикалық және жергілікті бюджеттің бекітілген жылдық жоспарына және оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, Бюджеттік бағдарламалардың орындалысын қадағалайды;

    2.12. Қаржылық жоспарды жүйеге отырғызу, маслихат шешімі бойынша, ағымдағы және ішкі жылжытуды жасақтау, өтуін қадағалайды;

    2.13. Мекемелердің материалдық-техникалық базасын дамыту және сақтау бойынша ұсыныстар жасақтап, Басқарма басшысының қарауына ұсынады;

    2.14. Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік механизімі арқылы білім саласындағы жобаларды үйлестіреді;

    2.15. Білім нысандарына жасалатын ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізеді;

    2.16. Білім беру ұйымдарындағы үш ауысымдық, орын тапшылығын, апаттық мектептерді және жаңа орындарға қажеттілік нысандарға құрылыс салу үшін Білім және ғылым министрлігіне білім нысандарына қажеттілік құжаттарын әзірлейді және ұсынады.

    2.17. Білім саласындағы күрделі шығындарды жоспарлап, қаражат бөлуге ұсыныс жолдайды, бақылайды;

    2.18. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, бағыныстағы мекемелердің ұсыныстары негізінде республикалық және облыстық бюджеттен қаражаттар бөлуге жинақ сұранысын жасақтайды;

    2.19. Штаттық кестелердің типтік штаттарға сәйкестігін, облыстық бағынысты мекемелердің ақылы қызмет жүргізуі мен шығындарын дұрыс жоспарлауды қамтамасыз етеді;

    2.20.Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жоспарларының (шығыс сметаларының), сондай-ақ шығындар бойынша есептерінің дұрыс жасақталуын қамтамасыз етеді. Іс номенклатурасына сәйкес іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады;

    2.21. Жетекшілік ететін мәселесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсерту тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтайды. Еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын және басқа да нормаларын сақтайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында белгіленген өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.