"Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ цифрландыру бөлімі
Цифрландыру бөлімі "Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, басқарма туралы Ережені, сондай-ақ бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің функциялары:
1) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкімет» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сараптама кеңесімен келісу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
4) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мәліметтерді есепке алуды, техникалық құжаттаманың электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектілендіруді қамтамасыз ету;
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
6) техникалық құжаттама түпнұсқаларын қағаз тасығыштарда сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
7) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарында цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
8) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі интегратор функцияларын жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы жекелеген функцияларды жүзеге асыру;
10) цифрландыру мәселелері бойынша форумдар, тұсаукесерлер, кеңестер мен семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды облыста, Қазақстан Республикасында өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
11) цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кеңестеріне қатысу;
12) шет мемлекеттердің оқыту семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;
13) Ақтөбе облысы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру, тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді және жобалық бастамалар бойынша жоспарланған іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру;
14) өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамасының сақталуына, оның ішінде байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
16) инвестицияларды тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
17) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасау;
18) Қазақстан Республикасының байланыс операторлары байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар беру және оны орындау үшін жіберу;
19) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
20) байланыс операторынан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бағыттауды немесе жоюды талап ету;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.