Цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі
6. 1-міндет: стратегиялық даму.
- стратегиялық даму жоспарын іске асыру менеджментін жүзеге асыру;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша жұмыс кеңестеріне қатысу.
2-міндет: қала аумағында жаппай цифрландыруды енгізу.
Функциялары:
1) цифрландыру элементтерін енгізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешу;
2) цифрландыру жобасының элементтеріне талдау жүргізу, жоспарлау және талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
3) сыртқы және ішкі сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік органдар үшін салаларда қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдану бойынша тренингтерді, семинарлар мен презентациялар ұйымдастыруға қатысу;
4) цифрландыру бойынша Жол картасын енгізу және дамыту;
5) жетекшілік ететін мәселелер бойынша жұмыс кеңестеріне қатысу.
3-міндет: «Ақылды қала» жобасының жүйе құраушы компоненттерін енгізу және дамыту.
Функциялары:
1) қаланың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері арасында «Ақылды қала» жобасының жүйе құраушы компоненттерін дамыту бойынша жұмысты үйлестіру;
2) «Ақылды қала» жобасын дамытуға бағытталған техникалық шешімдер мен ұйымдастыру іс-шаралары кешенін енгізу;
3) «Ақылды қала» жобасын енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және іс-шараларды үйлестіру;
4) тәуекелдерді бағалау, аумақтың бейінін қалыптастыру, қолданыстағы инфрақұрылымды бағалау, «Ақылды қала» жобасының даму индикаторларын айқындау.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, оларды тиісті органдар мен лауазымды адамдардың орындауын талап ету;
2) лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды, сондай-ақ басшылықтың тапсырмаларын орындауды кідірту себептері туралы түсініктемелерді белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) қолданыстағы заңнамаға және оған сәйкес қабылданған қала әкімі аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтау.
4) «Smart Qostanai» мобильдік қосымшасын тиісті техникалық қолдау мен дамытуды бақылау мен мониторингті жүзеге асыру.