Цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі
1) Аудан әкімі аппараты мен жергілікті атқарушы органдарының, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, жұмысын үйлестіреді және практикалық көмек көрсетеді;
2) Аудан әкімдігінде қаралатын өз қызметі шеңберіндегі мәселелердің құжаттарын әзірлейді.
3) Бөлім жұмысына қатысты мәселелер бойынша хаттарды, арыз-шағымдарды қарайды.
4) Аудан әкімі аппаратындағы жүйелер мен ақпараттық қорлардың ақпараттық және техникалық қорғалуын (firewall, antivirus, ақпараттық қорғау саясаты) қамтамасыз ету;
5). Аудан әкімі аппаратында электронды құжат айналым жүйесін техникалық қамтамасыз ету. Электронды құжат айналым бағдарламасы бойынша аппарат және дербес бөлім қызметкерлеріне нұсқау, электронды құжаттамалық айналым жүйесіндегі электронды сандық қолтаңбаны сүйемелдеу және ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар арасындағы интранет портал ақпараттық жүйесінің енгізілуін, ондағы сервистерді толық пайдалануды үйлестіру;
7) Аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдердегі электронды құжат айналым жүйесін дамыту;
8) «Электрондық әкімдікті» қалыптастыру бағдарламасының іс-шарасына сәйкес жұмыстар атқару;
9) Жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге қатысу;
10) Аудандық бағдарламалардың іс-шарасына сәйкес орындалуын үйлестіру;
11) Оргтехникалардың қалыпты жұмыс жасауын, аудио селекторлық және бейнеконференция мәжілістердің өткізілуін, мәжіліс залындағы аудио-видио аппаратураның жұмыс істеуін қадағалау;
12) Электронды мемлекеттік қызметтерді сүйемелдеуші ақпараттық жүйелердің жергілікті атқарушы органдарда таратылымын, оның қалыпты жұмысын үйлестіру;
13) Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсының толымдылығы мен сапалылығын үйлестіру мен қамтамасыз ету;
14) Аудан бойынша қоғамдық қолжетімділік пункттерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
15) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің аудан көлемінде жүйелі жұмысын үйлестіру;
16) Аудан әкімі аппаратындағы «Заң» деректер қорының жұмыс жасауына бақылау;
17) Аудан әкімі аппараты мен аудандық бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімі аппараты арасындағы ақпараттық-коммуникациялық байланыс жүйесін қадағалау;
18) Мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүргізу;
19) «Электрондық әкімдік құруға» арналған бағдарламаның дамуына қарқынды жұмыс жасайды. Заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
20) Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша аудан тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сараптамалық қамту және сапасын арттыру;