Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру бөлімі
Тиісті облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды жүзеге асырады, олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыруды бақылайды;
Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) қызметін, сондай-ақ олардың шағын жинақты мектептермен өзара іс-қимылын бақылау;
Балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
Облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
Орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, жалпы білімі беретін пәндер бойынша облыстық олимпидаларды және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушылар (тәрбиеленушілер) арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
Балалар мен жасөспірімдерді зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
Білім беру мониторингін жүзеге асырады;
Ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларын, сондай –ақ сынып-жинақтардың, олардағы топтардың санын келіседі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
Облыстың білім беру ұйымдарында ерекше білім беруіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алу үшін арнайы жағдайлар жасайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру.
Білім алушылардың сауықтыру бағытындағы жұмыстарын және жазғы демалысын ұйымдастыру.
Алыс елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге арналған өтінімдерді сапалы орындауын қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарында интернет жүйесі бойынша жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету
Цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға жағдай жасау.
Білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мен пайдалануды ұйымдастыру.
Білім беру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жөнінде баспасөз қызметімен өзара іс-қимыл жасау.
Мемлекеттік білім беру стандарттарын іске асыру.
Білім беру саласындағы заңнама мен стандарттардың сақталуын бақылау.