Экономикалық даму және жоспарлау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлiмнiң қызметi

    Экономикалық даму және жоспарлау бөлімі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы» КММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ бөлiм туралы Ереженi басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.

    Бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi:

    1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;

    2) облыстың бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жиынтық болжамын әзірлеу және оны облыс әкімдігімен бекіту;

    3) халық саны, көші-қон, еңбекақы бойынша жағдайды талдау.

    Бөлiмнiң негiзгi функциялары:

    1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайынғы талдау жүргізу;

    2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ай сайын күтілетін мәліметтерді дайындау;

    3) облыстың, барлық аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ай сайынғы талдамалық есептерді дайындау;

    4) облыстың бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және қорытындылау;

    5) Солтүстік Қазақстан облысының 2021 – 2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы ақпаратты дайындау;

    6) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және жетекшілік ететін салалар бойынша анықтаманы, облыс әкімдігінің отырысына дайындау;

    7) хаттамалық нұсқауларды орындау;

    8) Үкімет отырыстарына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат дайындау;

    9) облыс әкімінің облыс экономикасын дамыту қорытындылары туралы халық алдындағы есептік кездесуіне баяндамасының жобасын дайындау;

    10) халық, көші-қон, демография, еңбекақы бойынша талдамалық есептерді дайындау;

    11) салалық басқармалармен бірлесіп жетекшілік ететін салалардағы проблемалық мәселелердің орындалу барысын дайындау, талдау және мониторингтеу;

    12) «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары бойынша жиынтық ақпарат дайындау.

    13) «Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған шаралар кешені» бойынша жиынтық ақпаратты дайындау;

    14) бюджеттік бағдарламаларды келісу;

    15) облыс әкімі мен әкімдігінің, орталық мемлекеттік органдардың, ҚР ҮА, ҚР АПК басқа да тапсырмаларын орындау.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.