Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімі
1) Мемлекеттік қаржыны және коммуналдық меншікті басқару, саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
2) аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасау, аудан бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтау;
3) аудан бюджетінің қаржыландыру жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
4) аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу және талдау жасау;
5) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізу;
6) өз қызметті саласында заңнаманың қолданылу тәжірбиесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру
7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
8) аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
9) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау;
10) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
11) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) сенімгерлікпен басқаруға беруге;
12) аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
13) ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асыру;
14) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
15) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдау;
16) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодекісіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;
17) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;
18) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Ресупбликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
19) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
20) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;