Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құзыретінің шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    4. Бөлімнің орналасқан жері: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке Хан даңғылы, 82.
    5. Бөлімнің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі.
    6. Осы Ереже Бөлімнің мәртебесін, функцияларын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін құрылтай құжаты болып табылады.
    7. Бөлімге Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

    2-тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    1. Міндеттері:
    • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
    • фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    3) өз құзыретінің шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    1. 9. Функциялары:
    • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    • дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
    • өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
    • өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
    • "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
    • Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келіседі;
    • Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлеуге қатысады;
    • "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
    • фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады;
    • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақталуын бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізуге;
    • Департаменттің құзырлығы шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғауға;
    • Департаменттің құзырлығы шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығаруға;
    • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
    • Бөлімнің есептерін қалыптастыру;
    • Лауазымдық міндеттерін барабар орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейлерін ұдайы арттыру;
    • ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындау;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
    1. Құқықтары мен міндеттері:
    • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
    • жеке және заңды тұлғалар Департаменттің лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
    • құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
    • медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
    • өз құзыреті шегінде консультациялық-кеңесші және сараптамалық комиссиялар (жұмыс топтарын) құру;
    • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
    • Қазақстан Республикасы заңнамасының реттелетін салада қолданылуына талдау жүргізу;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
    • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бағдарламаларды әзірлеу жөнінде, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

    3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    1. Бөлімге басшылықты Басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
    2. Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    3. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бас мамандары болады.
    4. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

    1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындайды;

    2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    4-тарау.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

    1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.