Спорт мекемелерін қаржыландыру бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- қызмет барысында заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, заңнаманы қолдану практикасын жалпылау, Қазақстан Республикасы заңнамасын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді және басқада құқықтық құжаттарды дайындауға қатысу, басқарманың регламентіндегі және негізгі іс-шараларын барысын жоспарлау, мониторингілеу және талдауды жүргізу;
-дене шынықтыру мен спорт қызметі жүйесінің тұтастығын қалыптастыру, қаржыландыру қызметі жүйесінің шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету, еңбек ұжымында жайлы социлогиялық-психологиялық қаржы ахуалын және корпоративтік мәдениетті қалыптастыру,мемлекеттік қаржыландыру бойынша материалдар дайындау және ұсыну, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы белгіленген қаржыны басқару функцияларды және басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
- қызметті қаржымен қамтамасыз ету, бөлімдердің, қарасты спорт мекемелердің қаржы жұмысын үйлестіру, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджет бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын толық және мерзімінде орындалуын қадағалауды үйлестіру;
-Басқарма және қарасты спорт ұйымдарының жұмысында бухгалтерлік есепті және қаржылық-шаруашылық есепті үйлестіру;
-қолданыстағызаңнамаға сәйкес тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды үйлестіру болып табылады.