Ақпараттық-талдау және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі
Ақпараттық-талдау және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі (одан әрі – бөлім) штаттық құрылымға сәйкес Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша басқарма басшысы тағайындайтын жұмысқа қабылданатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы мен бас мамандардан тұрады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың құжаттарын және осы ережені басшылыққа алады.
Бөлім басшысы бөлімнің қызметін ұйымдастыруды жоспарлауды жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауапты болады.