Инфрақұрылым бөлімі «Нұр-Сұлтан қаласы «Aлматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

    Жалпы ақпарат

    Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бизнес объектілердің сыртқы және көрнекі жарнамасының тиісті жағдайына байланысты өзара әрекеттесуді үйлестіреді және ұйымдастырады; Мұз айдындары мен қар қалашықтарын ағымдағы күтіп ұстау және орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; Көше аншлагтарын дайындап, орнатады; Аудан аумағындағы жерді ұтымды пайдалануды және әр түрлі мақсаттағы (тұрғын ғимараттар, темір гараждар және басқа объектілер) өз бетімен құрылыс салу фактілерін бақылайды; Маусымдық сауда орындарын анықтау және үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізеді; Аудандық Полиция басқармасының ЖПҚ-мен, сондай-ақ рұқсат етілмеген сауда мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды; Аудандық Полиция басқармасының табиғатты қорғау бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды; Аудан аумағында салынып жатқан және пайдалануға берілген нысандардың мониторинг жүргізеді; Объектілерді рұқсатсыз салу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органдарға хабарлау шараларын қабылдайды; Көлік және коммуникация кәсіпорындары мен ұйымдарының, құрылыс кәсіпорындарының қызметін бақылайды, сонымен қатар ауданның инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізеді, мекен-жай орнына тексеру үшін объектіге баруды жүзеге асырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.