Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Заңды тұлғалардың, олардың өкілдіктері мен филиалдарын тіркеу мәселелері бойынша кеңес беру, тіркеу және таратылуын тіркеу бұйрықтарын тексеріп, оларды департамент басшылығына қарауына жолдау; іс қағаздарының дұрыс жүргізілуін бақылау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді анықтап, түзілген хаттамаларды соттарға жолдап, олардың қарау барысын қадағалау.
Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының жұмысын ұйымдастыру; азаматтық хал актілерін толық және уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету; қолданыстағы неке және отбасы туралы заңдарды түсіндіру жұмысын үйлестіру.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және ауыртпалықты тіркеу және мұрағаттандыру жұмысын ұйымдастыру және қадағалау,бөлім қызметкерлерінің жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындалуына бақылау жасау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағытындағы мемлекеттік қызметті сапалы және уақытылы көрсетуін қамтамасыз ету.