Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қызметі саласындағы бақылау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қызметі саласындағы бақылау бөлімі коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркейді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркейді; мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асырады; Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асырады; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады; нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; азаматтық хал актілерінің екінші данасы бойынша мұрағат қалыптастырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.