Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас жоспарды және қалақұрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімі

    Об отделе

    Бөлімніңнегізгі міндеттері мен функциялары:

    1.1. ҚР Президенті мен облыс әкімінің сәулет және қала құрылысы қызмет саласындағы бағдарламалары мен іс-шараларын жүзеге асыру. Аумақтардың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективті міндеттерін шешуге бағытталған құрылыс кешенді дамуының біріңғай стратегиясын, мемлекеттік сәулет, қала құрылысы саясатын қалыптастыру және жүргізу.

    1.2. Аумақтарда құрылыс салудың, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін сақтау мен күтіп ұстау ережелерін жасау және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыну жұмыстарын үйлестіру.

    1.3.Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлауды ұйымдастыру.

    1.4. Елді мекендер мен аумақтардағы қала құрылысы мәселелерін реттейтін нормалармен ережелерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу.

    1.5. Аумақтар мен елді мекендердің кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуының ағымды және перспективті мәселелерін шешуге, өмірлік қызмет ортасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу.

    1.6. Елді мекендердің бас жоспарлары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қадағалау, мониторинг жүргізу.

    1.7. Елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу бойынша мониторинг жүргізу, бақылау.

    1.8. Бас жоспарға сәйкес, егжей-тегжелі жобалау жоспары бойынша жұмыстарды ұймдастыру.

    1.9. Халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейiннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;

    1.10. Ведомстволық бағынысты, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын әзірлеу және облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

    1.11. Халқының есептiк саны бiр жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын жүргiзудi ұйымдастыру.

    1.12. Жоғары органдардан, облыс әкімі және оның орынбасарларының, басқарма басшысының берген тапсырмаларының бөлімге қатысты тармақтарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

    1.13. Бөлімнің жұмыстары мен тапсырмаларының мерзімінде орындалуын бақылау.

    1.14. Аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне нақты және әдістемелік көмек көрсету және жұмысын үйлестіру.

    1.15.Діни ғимараттардың (ғибараттардың) құрылыстарына рұқсат шешімін беру және олардың орналасу орнын анықтау сонымен қатар, ғимараттардың (ғибараттардың) бағытын (функциялық белгісін) діни ғимараттарына (ғибараттарына) уәкілетті діни саласындағы органмен келісу бойынша өзгерту жөніндегі мемлекеттік қызметті іске асырады және діни ғимараттарды салуға рұқсат беру жұмыстарын ұйымдастырады.

    1.16. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету.

    1.17. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметті көрсету.

    1.18. үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар беру.

    1.19. үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізу.

    1.20. тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат беру.

    1.21. өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру.

    1.22. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

    1.23. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.