Жылыой ауданы мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Жылыой ауданымәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы қысқаша мәлімет
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №258 «Кейбір мемлекеттік мекемеслерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылып, құрылды.
2. Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Жылыой ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту салаларында және мемлекеттік тіл саясатын насихаттаудағы, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3.Мемлекеттік органның толық атауы – «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
4. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060100, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20 «А» үй.
Мекеменің функциялары:
1) аудандағы мәдениет үйлері, кітапханалар мен спорт мектептерінің жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
2) театр, музыка және кино өнері, кітапхана, мәдени-демалыс, спорттық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
3) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) Халықаралық, республикалық, облыстық ауданаралық және аудандық шараларын, спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізеді, олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастырады;
5) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
6) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.)
8) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
10) коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
11) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
12) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
«Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде штат саны –4 .