Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

    2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    3) ауданның, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

    4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

    5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдықменшікті басқаруды жүзеге асырады;

    6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

    7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

    8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

    9) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдем деседi;

    10) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

    11) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

    12) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

    13) тарихи-мәдени сараптама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді;

    14) Мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

    15) Ведомствалық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда бастапқы есепті, статистикалық бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындарда жүйелі ревизиялар мен тексерістер жүргізу арқылы меншікті сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

    16) Заңнамалармен бекітілген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

    17) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.