Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту; Аудан мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету; Кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оқу құралдарымен жабдықтау; Аудан мәдениет Үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету; Аудан мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау;
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады; спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi; спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады; аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi.
Бөлім төмендегі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
Жаттықтырушыларға біліктілік санатын және спортшыларға спорттық санат беру.