Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі туралы Ереже
Жалпы ақпарат
Мүгедектік топты, мүгедектіктің себебін, мүгедектіктің пайда болу мерзімін белгілеу мәселесі бойынша алғашқы МӘС бөлімдерінің шешімдерінің сапасын бақылау; Жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін, пайда болу мерзімін және айрылу себебін белгілеу мәселесі бойынша алғашқы МӘС бөлімдерінің шешімдерінің сапасын бақылау; Еңбек міндеттерін орындау кезінде зақымдану немесе денсаулыққа келтірілген басқа да зиян нәтижесінде қосымша көмек түрлерін және күтімнің қажеттілігін айқындау бойынша алғашқы МӘС бөлімдерінің шешімдері дұрыс және сапалы болуына бақылау; Мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер базасында (МОДБ) уақытылы және сапалы қалыптастыруына үнемі бақылау жүргізу