Экономикалық және әлеуметтік сала мониторингі бөлімі
Түркістан облысы әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімі Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастар жасау;
2) облыс шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыру;
3) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын облысты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлеуді, облысты дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну және оның орындалуын қамтамасыз ету;
5) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын облысты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік орган басшысының анықтауымен басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.