Мемлекеттік қызметтер мониторингі, ақпараттық технологиялар және құқықтық жұмыс бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды; Бөлім қызметіне тиісті шешім қабылдауда, бөлім қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін есепке алады және қабылданған шешімдерді хабарлайды. Мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей қатынасу және тіркеуді жүзеге асырады. Аудан әкімдігінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге қатысты аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлейді. Аудан әкімдігінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге қатысты тиісті тапсырмаларды орындайды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және үйлестіру, ақпараттық қауіпсіздікке сәйкес электронды үкіметтін үлгілік жобасы базасында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйесін дамытады. Ақпараттық -аналитикалық мәліметтер дайындайды. Аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді, аудан әкімдігінің мемлекеттік органдарына ақпараттандыру сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын жүзеге асырады; Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мен сапасын арттыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады. Ішкі бақылау қызметін жүзеге асырады.

    Аудан әкімінің негізгі қызмет өкімдерінің, аудан әкімі аппаратының басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеп, тіркеуді жүзеге асыруды ұйымдастырады. Заңдарда белгіленген тәртіпте құқықтық мәселелерді қарау кезінде әкімдіктің, әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүддесін сотта сондай-ақ басқа да органдарда білдіреді. Аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік қызметіне талдау жүргізеді және талдаудың қорытындысы бойынша аудан әкіміне оларды жетілдіру немесе анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс береді. ҚР заңнамаларын насихаттау жөнінде жыл сайынғы іс-шараларын әзірлеуді жүзеге асырады. Аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың жұмыстарын ұйымдастырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.