Медициналық ұйымдардың адами ресурстарын қамтамасыз ету және басқару бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1. Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі (әрі қарай- Бөлім) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының құрылымды бөлімшесі болып табылады және тікелей басқарма басшысына бағынады.
    2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет және мемлекеттік награда саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлім қызметі басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады.
    4. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы бекітеді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.