Өтініштер, азаматтарды қабылдау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Отдел обращений, приема граждан и документационного обеспечения города Алатау
Жалпы бөлім қала әкімі аппаратының барлық құжаттамалық қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің актілерін, қала әкімінің аппараты туралы ережені, регламентті және осы Ережені басшылыққа алады. Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, ауылдық округ әкімі аппараттарымен, қала және өңірдің басқа да мемлекеттік басқару құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Жалпы бөлімнің жұмысы қала әкімі аппаратының перспективалық жұмыс жоспарына және жалпы бөлімнің ағымдағы жоспарларына сәйкес құрылады.