Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қызмет функциялары

    Мемлекеттік бағдарламаларды, жобалар мен кіші жобаларды іске асыру шеңберінде мамандандырылған және білікті көмек көрсету тәртібін жетілдіру мақсатында бастапқы медициналық-санитарлық көмек, стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың, жедел және шұғыл көмек құрылымдарының жұмысын үйлестіру;

    1.2.Өз құзыреті шегінде басқарманың стандарттарын, бұйрықтарын әзірлеуге қатысу;

    1.3.Денсаулық сақтау мекемелерінде созылмалы аурулармен және басқа да әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарды диспансерлеу және медициналық оңалту ұйымдарын бақылау;

    1.4.Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жобалары мен кіші жобаларын үйлестіруді, іске асыруды мониторингілеуді жүзеге асырады, ауруларды басқару бағдарламасы (ҚБА), иммунопрофилактика, скринингтік зерттеулер бойынша, қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасайды;

    1.5.Қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша алқаларды, аппараттық кеңестерді, әкімдіктегі үйлестіру кеңестерін, ғылыми-практикалық конференцияларды, тұрақты жұмыс істейтін семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады;

    1.6.Қарағанды облысының медициналық ұйымдары жағдайында мамандандырылған және білікті стационарлық және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру бойынша жұмысты үйлестіру, салауатты өмір салтын көрсетуге арналған техникалық тапсырманы, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, стационарлық медициналық көмек ұйымдары жанындағы Денсаулық Мектебін анықтайды;

    1.7. Стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар жұмысының статистикалық есептілігіне және сапалық көрсеткіштеріне талдау мен сараптама жүргізу, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды бағалау;

    1.8.Стационарлық және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсететін емдеу ұйымдары бойынша мерзімдік жоспарлы және жоспардан тыс шығу жолымен скринингтік зерттеулерді, иммунопрофилактиканы ұйымдастыру бойынша қызметті талдауды жүзеге асыру;

    1.9.Стационарлық және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін бағалау индикаторларын әзірлеуді және енгізуді жүзеге асыру;

    1.10.Қарағанды облысының тұрғындарына стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін емдеу ұйымдарының қызметіне рейтингтік бағалау жүргізу;

    1.11.Қарағанды облысы бойынша стратегиялық жоспарлар мен даму бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

    1.12.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде скринингтік зерттеулерді жүзеге асыру үшін облыстың медициналық ұйымдарын вакциналармен, иммунобиологиялық препараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және химиялық реактивтермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    1.13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жиынтық есептерді қалыптастыру ("Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық "мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысы); Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді бақылау;

    1.14. Денсаулық сақтау жүйесіне қатысты бөлігінде Қарағанды облысының аумағында іске асырылатын облыстық және республикалық бағдарламалардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізу және есептерді қалыптастыру (Қарағанды облысының даму бағдарламасы және т. б.)),

    1.15. Қарағанды облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасында облыс халқының денсаулық жағдайын жақсарту бойынша жасалған меморандумның орындалуы бойынша жиынтық есептерді қалыптастыру және мониторингі;

    1.16. 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ұлттық егу күнтізбесін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша Жол картасының, Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бойынша Жол картасының орындалуын үйлестіру және мониторингілеу және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту;

    1.17. Аурулардың алдын алу, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында денсаулық мектептері арқылы));

    1.18. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл (бағдарламалар құру, жоспарлау, тиімділікті анықтау).

    1.19. Облыстық тік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу (әзірленген жоспар бойынша). Мемлекеттік бағдарламаны орындау мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

    1.20. Облыстық тік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу (әзірленген жоспар бойынша).

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.