«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қолдау көрсету бөлімі.
Жалпы ақпарат
Бухгалтерлік және қаржылық жұмысты іске асыру және бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқарманың бюджеттік қаражатын уақытылы игеру және тиімді, мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржыландыру жоспарын дайындауды және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Басқарманың қаржылық, салықтық, статистикалық және басқа да есептерін уақтылы қалыптастыру және тиісті органдарға ұсыну.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру сомасын субсидиялауды жүзеге асыру.