Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- қызмет барысында заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, заңнаманы қолдану практикасын жалпылау, Қазақстан Республикасы заңнамасын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді және басқада құқықтық құжаттарды дайындауға қатысу, Басқарманың регламентіндегі және негізгі іс-шараларын барысын жоспарлау, мониторингілеу және талдауды жүргізу;
-персоналды басқару қызметі жүйесінің тұтастығын қалыптастыру,персоналды басқару қызметі жүйесінің шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету,еңбек ұжымында жайлы социлогиялық-психологиялық еңбек ахуалын және корпоративтік мәдениетті қалыптастыру,мемлекеттік наградалармен марапаттауға материалдар дайындау және ұсыну,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы белгіленген персоналды басқару функцияларды және басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
-қызметті құжаттамамен қамтамасыз ету, бөлімдердің жұмысын үйлестіру, архив ісін және іс жүргізуді одан әрі дамыту, іс жүргізу талаптарын сақтауды қадағалау, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік тілде іс жүргізудің әдістері мен тәсілдерін одан әрі дамыту, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын толық және мерзімінде орындалуын қадағалау;
Функциялар:
- Басқарма басшысына қол қоюға енгізілетін құқықтық актілер мен басқада құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру
- сотта және басқада ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау барысында Басқарма мүддесін білдіру;
- кей жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауап дайындау;
- келісім-шарттарды заңнама талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ету, келісім-шарттағы міндеттердің орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайында экономикалық шараларды қабылдау;
- Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілері және басқа да құқықтық актілердің, әкімдік пен облыс әкімінің құқықтық мәселелер бойынша актілерінің орындалу барысын қадағалау;
- Нормативтік құқықтық актілерге ұдайы мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
- Келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алу және сақтауды ұйымдастыру;
- Басқарма қызметкерлерінің құқықтық білімін жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізу;
- Қазақстан Республикасы заңнамаларын насихаттау және құқықтық жаппай оқыту бойынша жылдық шаралар ұйымдастырып, іске асыру;
- Құқықтық мәселелерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- Құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауға қатысу, құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобаларына бұрыштама қою;
- Басқарма басшысы және оның орынбасарының тапсырмасы негізінде нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық негіздегі басқа да құжаттардың жобасын құрастыру;
- Басқарманың персоналды басқару стратегиясын құрастыру және жүзеге асыру;
- Басқарманың кадр қажеттілігін, оның ішінде біліктілігі мен мамандығына сәйкес жоспарлау және талдау жүргізу;
- Басқарма кадрына талдау жүргізу және кадр мәселесі, соның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы іс-жүргізу;
- Кәсіби бейімдеу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
- Кадрлардың кәсіби даярлығын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, еңбек жағдайын және тәртібін мемлекеттік қызмет өткеру кезінде сақтауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік наградаға ұсыну бойынша құжаттарды сапалы дайындау және мерзімінде ұсынуды ұйымдастыру;
- басқарма қарамағындағы ұйымдар директорлары мен олардың орынбасарларының жеке істері, еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау;
- бағынысты мекеме директорларын конкурстық негізде жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, іссапарға жіберу және аттестациядан өткізуді ұйымдастыру;
- іс-жүргізу талаптарына сәйкес қағаз және электронды түрдегі құпия емес құжат айналымын жүргізу, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу және рәсімдеу;
- қызметтік қарарды тіркеу және есепке алу, бөлу, қайта қарау, және оның басшылыққа және бағынысты бөлімдерге жедел түрде жеткізілуін бақылау;
- іс-жүргізудің үлгілік ережесі талабы мен іс-жүргізуді басқаруды сақтауды бақылау;
- басшының негізгі құызмет бойынша бұйрықтарын тіркеу, олардың дұрыс рәсімделуін және тиісті органға жіберілуін қамтамасыз ету;
- қызметтік бланкілердің есебін жүргізу, елтаңбалық мөрдің дайындалуын және тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- мұрағат қорын қалыптастыру, ағымдағы құжаттардың түпнұсқаларының мұрағатта сақталуын ұйымдастыру және олардың Түркістан облысының Мемлекеттік мұрағатына сақтауға өткізу;
- басқарма қызметкерлерінің құжаттарды қамтамасыз ету мәселесі бойынша оқытылуын қамтамасыз ету, нұсқама өткізу, құжаттарды дайындау бойынша қызметкерлерге кеңес беру, электронды құжатайналым жүйесімен жұмыс жасау және қажетті методикалық көмек көрсету;
- келіп түскен өтініштерді қарау, өтініштердің іс-қағазын жүргізу, және бөлімдерде жедел қаралуын бақылап қадағалау;
- өтініштерді қарау барысында заңнаманың сақталуын тексеру және мониторингілеу;
- өтініштер бойынша анықтамалар және жазбахаттарды дайындау, өтініштердің мерзімінде орындалуын қадағалау;
- басшылықтың жеке және заңды тұлғаларды қабылдаудың тоқсандық кестесін жасау және бекіту, оны мерзімінде орындауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
Бөлім өзінің негізгі міндеттерін орындау және функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:
- бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды және басқада мәліметтерді басқа бөлімдерден, бағынысты ұйымдардан сұратауға және алуға;
- бөлім құзырына кіретін сауалдар бойынша түсіндірме беруге;
- өткізілген барлық отырыстарға, жиналыстарға және комиссияларға бөлімнің бағытына байланысты сұрақтар бойынша қатысуға;
- басқа бөлім қызметкерлерін, бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін бөлімге жүктелген міндеттерді орындау бойынша өткізілетін іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге тартуға;
- Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес басқа бөлімдердің, басқарма қарамағындағы ұйымдардың қызметіне бөлім қызметінің бағытына сәйкес мәселелер бойынша тексеру жүргізуге;
- Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2)персоналды басқаруды қамтамасыз ету;
3)іс-жүргізуді қамтамасыз ету;
4) бөлімнің жұмыс бағытына сәйкес консультациялық көмек көрсету.