Алматы қаласы Білім басқармасының қаржылық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімі

    Управление образования г. Алматы

    Білім басқармасының бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу, жалақы қорын жұмсау тәртібінің сақталуына, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға және ақшалай қаражаттарға түгендеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыру.

    "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына және "мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен белгіленген қағидаларға сәйкес білім басқармасының материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды, экономикалық пайдаланылуына бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету.

    Ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлкін, түсетін негізгі құралдардың міндеттемелерін, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алуды, олардың қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетілуін, өндіріс және айналыс шығындарын есепке алуды, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының, қаржылық қызметтің, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу операцияларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

    Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету, жалақы бойынша есеп-қисап жасау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және аудару (қамқоршылар мен патронатқа жәрдемақы есептеу).

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.