Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    1) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру;

    2) арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету;

    3) жеке оңалту бағдарламасымен қамтамасыз ету.

    Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

    Профилактикалық бақылау бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша Департамент бақылау субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартпай, нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама береді.

    Жоспардан тыс тексерістер сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары және бұзушылықтарды жою мерзімдері келген жағдайда нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік бақылау бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізіледі және тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге жатады.

    Әкімшілік жауапкершілік

    Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес лауазымды тұлғаларға - 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК мөлшерінде айыппұл әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.

    Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпегеніүшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 84 бабына сәйкес лауазымды тұлғаларға - 20 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 60 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.