"Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты"ММ ақпараттық қауіпсіздікті, цифрландыруды, ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер мониторингі жөніндегі бөлімі
1) е-үкімет ішкіқұрылымның үлгілік ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру (электрондық құжатайналым, әкімшілік-шаруашылық қызметінің жүйесін ықпалдау, Интернет-портал).
2) Жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын және жүйелерін қорғау.
3) Электрондық пошта және Интернет қызметінің жұмысын қамтамасыз ету, барлық деңгейдегі әкімдерінің аппараттарында, облыстық басқармалдарда және ведомстволарда ақпараттық технологиялар мәселелері бо йынша әдістемелік және техникалық көмек көрсету.
4) Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет мониторингін ұйымдастыру және жүргізу.
6) Ағымдағы жағдайды талдайды, іс-шаралар өткізеді және басшылықтың қарауына жергілікті атқарушы органдарда ақпараттандыру деңгейін жоғарылату және «электрондық үкіметтің» ішкіқұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.
7) Халыққа ақпараттық технологияларды қолдану және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау бой ынша іс-шаралар жүргізеді.
8) Аудан әкімінің ресми интернет-ресурсын, аудан әкімінің блогын ілестіруді және дамытуды қамтамасыз етеді, аудан әкімдігінің электрондық қызмет сайтының қызмет етуі бойынша жұмысты жүзеге асырады.
9) Ақпараттық технологияларды қолдану және өызмет тиімділігін бағалауды жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді.
10) Аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне Электрондық құжатайналымның бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) жұмыс мониторингін, ЭҚАБЖ берілген пайдаланушыларының уақытылы өзектелуін жүргізеді, ЭҚАБЖ үздіксіз жұмыс істеуін, құжаттардың орындалуына, келісілуіне және мұрағатқа шығарылуына бақылау жасайды.
11) Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұйымдастырады және жүргізеді.
12) Сайттың мемлекеттік тілде толық үйлесімін қамтамасыз етеді, сайтта орналастыру үшін мемлекеттік органдармен ұсынылған мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпаратты тексеруді жүзеге асырады.