Қалақұрылыстық қадастрының жұмысын ұйымдастыру және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі
Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
1.1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді.
1.2. Жоғарғы органдарға, облыс әкімдігінің мәжілісіне жиынтық есептер мен анықтамаларды бір жүйеге келтіріп, дайындау.
1.3. Басқарманың жылдық, тоқсандық жоспарын әзірлеу үшін басқарма бөлімдерінің жылдық, тоқсандық жоспарларынан жинақ жүргізу.
1.4. Басқармада өткізілетін жиналыстардың хаттамаларын жүргізеді.
1.5. Басқарманың жұмыс жоспарымен қарастырылған іс – шаралардың орындалуын қадағалау, атқарылған жұмыстар бойынша тоқсандық есебін әзірлеу.
1.6. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлардың хаттамалық тапсырмалары орындалуын қадағалау.
1.7. Басқарма басшысының есептер, баяндамалар құжаттамаларын әзірлеуді ұйымдастырады
1.8.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;1.8.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
1.9. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
1.10. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді;
1.11. Құқықтық білім сабақтарын ұйымдастырады және басқарманың жұмыс уақыты есебі табелін толтырады және жүргізеді.
1.12. Мемлекеттік органның шығыс хаттарының белгіленген тәртіпте рәсімделіп, жолдануын қамтамасыз ету.
1.13. Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне әкімшілік ету және сүйемелдеу, электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесін пайдалану бойынша талдау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
1.14. Мемлекеттік орган басшысы мен оның орынбасарларының бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізуін ұйымдастыру.
1.15. Мемлекеттік органның іс номенклатурасын жасау, құжаттарды мұрағатқа өңдеу және әзірлеу.
1.16. Басқарма қызметкерлерінің баспасөзге жазылуын ұйымдастыру, қамтамассыз ету.
1.17. Басқарманың ресми – веб сайтын жаңарту және баспасөз хатшысы ретінде жауапты тұлға жұмыстарын жүргізу
1.18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.