Cәулеттік жобаларды дайындау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
1.1.Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық даму бағдарламалары жөніндегі аймақаралық және салааралық мемлекеттік мүдделерді үйлестіру.
1.2. Елді мекендердің аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асыру.
1.3.Облыстық аудандық жобалау схемаларын, облыстық аудан орталықтарында және елді мекендерінде құрылыс салу жобаларын дайындау жұмыстарын ұйымдастыру.
1.4.Сәулеттік нысандар (ескерткіштер, монументтер) бойынша ұсыныстар әзірлеу, эскиздерін әзірлеу, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру, фасадтарды бейнелеу, кіші сәулеттік нысандарды сызу жұмыстары.
1.5. Облыс аумағында үздік жобалар мен эскиздерді таңдап алу мақсатында байқауларды ұйымдастыру.
1.6. Сәулетшілер мен дизайнерлердің көрмелерін, шығармашылық кештерін ұйымдастыру.
1.7.Облыс аудан, қала, елді мекендерінің келбетін жақсарту бойынша абаттандыру, көгалдандыру, саябақтарды жандандыру жұмыстарын үйлестіру.
1.8. Аудан және қалалардан келіп түсетін егжей-тегжей жоспарлау жобаларын, елді мекендердің бас жоспарлары мен бас схемаларын әзірлеу бойынша өтінімдерді жинақтау, олардың шығындар есептерін сәйкестікке тексеру және де бюджетті қорғау кезінде дәлелдей жұмыстарын жүргізу.